Алматыдағы балабақшалар әзірге жұмыс істемейді

14.05.2020

Алматыдағы балабақшалар әзір жұмысын бастамайды. Оларды кезең-кезеңімен ашу жоспарланған. Бұл туралы қаланың мемлекеттік бас санитары айтты. Жандарбек Бекшиннің сөзінше, ата-аналардан түскен ұсыныстар қаралған. Балабақшаларды ашу мерзімі нақты белгіленген жоқ. Дегенмен, шахарда карантин режимі жеңілдеп, кезең-кезеңімен мекемелер ісін бастап жатыр. Шамамен 250-300 мыңға жуық қызметкер жұмысына қайта кірісті.

Жазира ОРАЗҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу