Талдықорғанда Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібеков жастармен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібеков жастармен кездесті

27.05.2022

Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығы аясындағы басқосу қалада орнатылған биік тудың жанында ұйымдастырылды. Жандарбек Мәлібекұлы елтаңбаның тарихы туралы баяндап, жастарды қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Ең қызықты сауал қойған өрендерге өзінің авторлық кітабын тарту етті.

Сондай-ақ Гиннес рекордтар кітабына енген гір көтеруден ардагерлер арасындағы әлем чемпионы Әбдуәлі Тастановқа еліміздің көк туын табыстады. Спортшы рәміздер күні қарсаңында теңіз деңгейінен 2500 метр биіктікте орналасқан Шаған тауына жаяу көтеріліп, байрағымызды желбіретпек.

Жандарбек Мәлібеков, Елтаңба авторы:
Қанша біз білімді болсақ, сонша біз мемлекетіміз де, еліміз де бақуатты болады. Егер біз ой-пікірімізді жаңаша көзқараспен қарастыратын болсақ, онда біздің жаңа Қазақстанымыз жаңа деңгей мен белеске көтерілді деп ойлаймыз.

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу