АҚШ-та газ қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та газ қымбаттады

26.05.2022

АҚШ-та газ қымбаттады. Оның бір мың текше метрінің бағасы 330 долларға жеткен. Бұл - 2008 жылдан бері болмаған көрсеткіш. "Блумбергтің" мәліметінше, көгілдір отын бағасының өсуіне ұсыныстың аз болуы себеп. Бұдан енді инфляциялық қысым артып, электр қуаты да қымбаттуы мүмкін. Жыл басынан бері АҚШ-та газ бағасы 150 пайызға өскен. Дегенмен бұл Еуропаға қарағанда әлдеқайда арзан баға. Лондон биржасындағы деректерге қарағанда "қарт құрлықта" газдың бір мың текше метрі 947 долларға жеткен.  

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу