Туған жерін тастап, елден бас сауғалаған украиналық босқындардың саны 6,5 млн адамға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Туған жерін тастап, елден бас сауғалаған украиналық босқындардың саны 6,5 млн адамға жетті

25.05.2022

Туған жерін тастап, елден бас сауғалаған украиналық босқындардың саны 6,5 млн адамға жетті. Ал, шетке шыға алмай, ел ішінде тыныштық іздеп, босып жүрген тұрғындар қатары 14 млн адамға жуықтайды. Босқындарға ірі халықаралық ұйымдардан бөлек, еуропа бизнесмендерінен бастап, қарайым халық та көмегін аяп жатқан жоқ..

Аида Әбіл, тілші:

Ақтөбелік Константин 24 ақпан мен 1-ші сәуір аралығында Буча елді мекенінен өз көлігімен 203 адамды алып шығып, қанды қасаптан құтқарып қалған. Қазақстандық құжат Константинді талай рет өлімнен арашалап қалыпты. Қазіргі күні Украинадағы қазақ қоғамының белсенді мүшелері де Константинмен бірігіп, Украинананың азат етілген елді мекендерінде тұрғындарға қол ұшын созуда. Иә, көбіне азық-түлікпен көмектесуде. Еріктілер ыстық палау, бауырсақты далада әзірлеп, самаурын қайнатып, жергілікті халыққа қамқорлық жасауда. Гостомель, Ворзель, Буча, Мироцкоеда болған ерікті топ бүгін Бородянка елді мекеніне бармақшы. Атап өту керек, қазақ диаспорасының өкілдеріне жергілікті халық ыстық ықылас танытып, жылы лебіздерін жаудырып жатыр.

Аида Әбіл

Хабарламаларға жазылу