Кәсіпкерлер референдум арқылы қабылданатын өзгерістерге өз үлесін қосуға әзір - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіпкерлер референдум арқылы қабылданатын өзгерістерге өз үлесін қосуға әзір

24.05.2022

Кәсіпкерлер референдум арқылы қабылданатын өзгерістерге өз үлесін қосуға әзір. Бүгін Атамекен Ұлттық палатасы өңірлердегі бөлімшелермен онлайн байланысқа шығып, Конституцияға енетін түзетулер төңірегінде ой бөлісті. Ең маңыздысы, Ата заңдағы өзгерістер қосымша 20 заңның өзгеруіне ықпал етеді. Оның ішінде салық мәселесі де бар. Бұдан бөлек, жиынға қатысушылар тарапынан мемлекеттік тіл, Конституциялық сот, сондай-ақ жер мен оның байлығын халықтың меншігі етіп жариялауға қатысты да пікірлер айтылды.

Ербол Өстеміров, "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасының орынбасары:
Халық осы ресурстарға ие болса, осы ресурстардың дивидендтері қалай бөлініп төленеді деп айтылды. Сонымен қоса, кәсіпкерлер тарапынан кейбір Конституцияға қарама-қайшы келетін заңдар немесе нормативтік-құқықтық акттер болған кезде Конституциялық сотқа тікелей жүгінуге құқықтары бар ма жоқтығы деген де сұрақтар қойылды.
Бауыржан Смайылов, кәсіпкер:
Біздің Президентіміздің жүргізіп жатқан реформаларын толық қолдаймыз. Себебі біздің кәсіпкерлер көздері ашық, көкіректері ояу азаматтар. Олар елдің болашағы үшін, өздерінің болашағы үшін референдумға келіп дауыс береді.

Ламбриан

Хабарламаларға жазылу