Кәсіпкерлер Конституцияға енетін түзетулер төңірегінде ой бөлісті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіпкерлер Конституцияға енетін түзетулер төңірегінде ой бөлісті

24.05.2022

Кәсіпкерлер референдум арқылы қабылданатын өзгерістерге өз үлестерін қосуға әзір. Бүгін Атамекен Ұлттық палатасы өңірлердегі бөлімшелермен онлайн байланысқа шығып Конституцияға енетін түзетулер төңірегінде ой бөлісті. Ең маңыздысы, Ата заңдағы өзгерістер қосымша 20 заңның өзгеруіне ықпал етеді. Оның ішінде салық мәселесі де бар. Бұдан бөлек, жиынға қатысушылар тарапынан мемлекеттік тіл, Конституциялық сот, сондай-ақ жер мен оның байлығы халықтың меншігі етіп жариялануы мәселесіне қатысты да ой-пікір айтылды.

Ербол Өстеміров, «Атамекен» ҰП басқарма төрағасының орынбасары:

Халық осы ресурстарға ие болса, осы ресурстардың дивидендтері қалай бөлініп төленеді деп айтылды. Сонымен қоса, кәсіпкерлер тарапынан кейбір Конституцияға қарама-қайшы келетін заңдар немесе нормативтік-құқықтық акттер болған кезде Конституциялық сотқа тікелей жүгінуге құқықтары бар ма жоқтығы деген де сұрақтар қойылды.

Бауыржан Смайылов, кәсіпкер:

Біздің Президентіміздің жүргізіп жатқан реформаларын толық қолдайды. Себебі біздің кәсіпкерлер көздері ашық, көкіректері ояу азаматтар. Олар елдің болашағы үшін, өздерінің болашағы үшін референдумға келіп дауыс береді.


Хабарламаларға жазылу