Халық пікірі: Ендігі жерде халық тікелей барлық өзгерістерге араласатын болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халық пікірі: Ендігі жерде халық тікелей барлық өзгерістерге араласатын болады

20.05.2022

Конституцияға енгізілетін өзгерістерге байланысты өтетін референдумға аз уақыт қалды. Бұл – ел тарихындағы елеулі оқиға. Жаңа Қазақстанның болашақ бағыт-бағдарын анықтау бүгінгі күннің міндеті. Сондықтан саяси шара қазіргі қажеттіліктерден туындаған жалпы халықтық қадам,-дейді қазақстандықтар.

Жалпы бұл референумда ҚР конституциясындағы 33 бапқа өзгерістер енгізілмек. Президенттің өкілеттігі, жер қатынастары, жергілікті атқару органдарының өкілеттігі жайлы. Бұл жерде маған ұнағаны жер туралы қабылданатын заңдар. Өйткені жердің бірден-бір иесі халық. Бұл референдум ел экономикасына үлкен серпін береді деп ойлаймын.

Ата заңымызға көптеген өзгерістер енгізілгелі жатыр. Расымен де ендігі жерде халық тікелей барлық өзгерістерге араласатын болады. Маған көңілге қонғаны да осы. Оның ішінде мынау айтатыны ауыл халқының өзі өзінің ауылындағы мәселелерді жергілікті әкіммен бірге ақылдаса отырып өздері шешуге үлкен мүмкіндік бар.


Хабарламаларға жазылу