Астанада кәсіпкерлер бөлшек салық мөлшерлемесін 2 пайызға дейін төмендетуді ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада кәсіпкерлер бөлшек салық мөлшерлемесін 2 пайызға дейін төмендетуді ұсынды

19.01.2024

Елордада кәсіпкерлер саны артып келеді. Бүгіннің өзінде шағын және орта бизнесті дөңгелеп отырған 230 мың адам бар. Алайда, оларға қолдау көрсететін орталық тапшы. Бұл туралы кәсіпкерлер палатасының директоры мәлімдеді. Осы мәселені шешу мақсатында астаналық кәсіпкерлер қалалық мәслихат депутаттарымен кездесті. 900-ден аса қызмет түрін көрсететін бизнес өкілдері бөлшек салық мөлшерлемесін 2 пайызға дейін төмендетуді ұсынды. Сондай-ақ, салық кодексіне енетін өзгерістерге қатысты ойларын оратаға салды.

Бейсен Жолболдиев, Астана қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры:

Бөлшек саудада 2 млрд 200 млн теңгеге дейін аударыммен, айналыммен жүре берсе де ешқандай шектеу жоқ. Бүгінгі таңда 3 пайыз. Ал оны екі пайызға түсірсек онда қызығушылық артатын еді. Ал мынау талдауға қарайтын болсақ өткен жылы 64-65 мыңның төңірегінде кәріпкерлердің мүмкіндігі бар еді көшуге. Бірақ нәтиже бермеді.

Тәуірбек Бозекен


Хабарламаларға жазылу