Украинадағы жағдай: Донбасста шабуыл күшейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинадағы жағдай: Донбасста шабуыл күшейді

21.05.2022

Ресей әскері Украинаның шығысында шабуылды күшейтті. Жергілікті армияның қорғанысын бұзу үшін Донецк пен Луганск облыстарын бомбалауды жиілеткен.

Сонымен бірге, ресми Мәскеу Мариуполь қаласын толық бақылауға алғанын мәлімдеді.

«Азовсталь» зауытындағы украиналық сарбаздардың қалған бөлігі қаруларын тастап, берілді. Олар ресейлік сепаратистердің бақылауындағы аудандарға эвакуацияланған.

Сондай-ақ елдің қорғаныс министрлігі Житомир облысындағы теміржол станциясы жанында Батыстан келген ірі көлемдегі қару-жарақ партиясын жарып жібергенін мәлімдеді. Әскери жүк Донбасстағы украиналық күштерге арналған болуы тиіс. 

Ал президент Владимир Зеленскийдің сөзінше, Украинадағы соғысты тек дипломатия арқылы шешуге болады.

«Украина майданда жеңімпаз болса да, жанжал толықтай тек келіссөз үстелінде аяқталады. Ал бұған қол жеткізу оңайға соқпайды»,- деді Зеленский.


Хабарламаларға жазылу