Нұр-Сұлтан мен Алматыда құрылыс компаниялары тиісті ережелерді жиі бұзып, халықтың назаразылығын тудырып отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтан мен Алматыда құрылыс компаниялары тиісті ережелерді жиі бұзып, халықтың назаразылығын тудырып отыр

19.05.2022

Нұр-Сұлтан мен Алматыда құрылыс компаниялары тиісті ережелерді жиі бұзып, халықтың назаразылығын тудырып отыр. Осыны ескерген Қазақстан сәулетшілер одағы құрылыс саласындағы заңбұзушылықтарды анықтап, түрлі деңгейдегі тиісті органдарға апқар бермек. Алматыда одақ мүшелері бас қосып осы бағыттағы өзекті мәслелерді талқыға салды.

Басты мақсат- құрылыс саласындағы заңбұзушылықтарды жою. Бүгінде еліміздің ірі қалаларында ауқымды құрылыс жұмыстары тынымсыз жүріп жатыр. Бұл қуантарлық жайт. Алайда, арнайы ережелер мен нормаларға бағынбайтын компаниялар да көбейген.

Серік Сұлтанғали, ҚР Сәулетшілер одағының президенті:
Тағайындалған генералдық пландардың өзгеруі, қалай болса солай, балалар ойнайтын жер болсын, демалатын жер болсын, соның орынына үлкен-үлкен ғимараттар салу өзінің жаман жолын тауып алды деп айтуға болады. Соның барлығын бір сөзбен айтқан заңға келтіру керек.

Құрылыспен айналысатын компаниялар тұрғын үй кешенін саларда оны мектеп, саябақтар, спорт алаңдары сынды әлеуметтік нысандармен қамту мәселесіне мән бере бермейді. Оған қоса рұқсат етілмеген жер телімдерінде түрлі нысандар салу дерегі көбейген.

Жуырда ғана тұрғындар мына салынып жатқан көпқабатты үйдің құрылысына қарсы шыққан еді. Өйткені іргелес орналасқан үйлер мен әлеуметтік нысандарға кіріп-шығу қиындаған. Аталған аумақта осыдан бірнеше жыл бұрын бос жатқан және сабақ болуы керек болған.

Бұдан бөлек нысанның дәл жанында ауданды ыстық сумен қамтамасыз етіп отырған мекеменің станциясы орналасқан. Егер алдағы уақытта жер сілкінісі болып ғимараттарға зақым келсе, жақын маңда тұратын адамдардың өміріне қауіп төнуі де мүмкін.

Гүлчехра Баратова, қала тұрғыны:
Құрылыс басталғалы Розбакиев көшесіне шығатын жолды жауып тастады. Енді іргелес орналасқан тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға бір ғана жолмен кіреміз. Көлік кептелесі пайда болады. Басымызға салмасын ертең бір жағдай бола қалса жәдел жәрдем, өрт сөндіру қызметінің көліктері бері қарай кіре алмайды.

Жалпы, Алматыда заңсыз салынып жатқан ғимараттар аз емес. Ақпан айында қала әкімі 19 нысанның құырылысын тоқтатқан еді. Сонау 1936 жылы құрылып, соңғы 20 жылда елеусіз қалған сәулетшілер одағының мүшелері осы саладағы олқылықтарға тыйым салу мақсатында қайта құрылып, жарғы ережелеріне өзгерістер енгізді.

Орысбай Баймырзаев, сәулетші:
Қаланы жобалау, безендіру мәселелері өте төменгі сатыда қазір. Сондықтан әр сәулетші өзінің істеген жұмысына жауап беруі үшін әуелі соны ойластырып алуымыз керек. Оған қаланың басшылары да жауапты болуы керек.

Сәулетшілер одағының мүшелері әр қаладағы құрылыс жұмыстары ортақ талқыдан өтіп барып, қолға алынуы керек деп есептейді. Сондықтан алдағы уақытта арнайы заң жобасы әзірленсе деген тілегі бар.

Нұрсұлтан Тілектесов 

Хабарламаларға жазылу