Маңғыстау облысында Бозжыра шатқалының үстінде көлік жүргізгендер анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау облысында Бозжыра шатқалының үстінде көлік жүргізгендер анықталды

19.05.2022

Маңғыстау облысында Бозжыра шатқалының үстінде көлік жүргізгендер анықталды.

Бұл бейнежазба көпшіліктің ашуын туғызды. Осыдан соң, шатқалда қымбат көлікпен тайраңдап оның үстіне, темір тұлпарды нөмірсіз тізгіндеген жүргізуші анықталып, айыппұл салынды. Айта кетейік, Бозжыра - тұмса табиғатымен ерекше орын. «Жабайұшқан» мемлекеттік табиғи қаумалында орналасқан. Сондықтан оның тасын қопарып, топырағын таптауға тыйым салынған.


Хабарламаларға жазылу