Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданындағы Көлденең ауылында Мәдениет үйі ашылды. Бұл әлеуметтік нысан тоқырау жылдары тоз-тозы шығып, қаңырып бос қалған болатын.
«Туған жерге тағзым» акциясының аясында осы ауылдағы ЖШС-тің бірі Мәдениет үйін жөндеу үшін 24 миллион теңге бөлген.
Бұл қаражатқа құр қабырғасы ғана қалған ғимараттың шатыры қайта жабылып, жаңадан есік-терезе салынды.
Берік КӨШЕРБАЕВ