Маңғыстау облысында мәдениет үйі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау облысында мәдениет үйі ашылды

03.12.2021

Нысан «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында бой көтерген. 2 қабатты ғимараттың бірінші қабатында 200 орындық концерт залы және 10 мың кітап қоры бар кітапхана жұмыс істейді. Ал екінші қабатында әдістемелік орталық пен түрлі үйірмелерге арналған бөлмелер бар.

Мамыр Қалиұлы, ауыл тұрғыны:

Мәдениет ошағының өмірі ұзақ болсын. Жылуы сөнбесін, төбесінен тамшы ақпауын сондай тілегіміз бар. Осы мәденит ошағынан небір күйші, небір әнші, небір бұлбұлдардың өсіп-өнуін, Қазақстанның жұлдыздары болуын аңсап армандаймыз. 

Хабарламаларға жазылу