Саржал ауылында жаңа мәдениет үйі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Саржал ауылында жаңа мәдениет үйі ашылды

26.08.2014
Саржал ауылында жаңа мәдениет үйі ашылды

Шығыс Қазақстан облысындағы Саржал ауылында жаңа мәдениет үйі қолданысқа берілді.

Облыстық бюджеттен 160 миллион теңге бөлініп, бір жыл ішінде тыңнан салынды.

Жаңа мәдениет үйінде кітапхана, билярд пен шахмат бөлмелері бар. Балғындарды биге баулитын да үйірме жұмыс істейді.

Көрермен залы 150 орынға лайықталған. Мекемеде 12 адамға жұмыс орны да пайда болды.

Ержан ЖАҚЫП

 

 

Хабарламаларға жазылу