Шанхайда үш күннен бері коронавирус жұқтырған адам анықталмаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шанхайда үш күннен бері коронавирус жұқтырған адам анықталмаған

17.05.2022

Соған қарамастан, тұрғындардың көпшілігі қалыпты өмірге оралғанға дейін біраз уақыт қамауда отыруға тиіс. Осыған байланысты 25 миллион халқы бар мегаполистің көшелері әлі де босап тұр. Шанхай басшылығы вирустың қайта өршуіне жол бермеу үшін сырттағы іс-шараларды кезең-кезеңімен қалпына келтіруді көздеп отыр. Кейбір дүкендер мен дәріханалар осы аптада қайта ашылады. Алайда, шектеулердің көпшілігі 21 мамырға дейін сақталып, содан кейін қоғамдық көлік пен басқа да қызметтер біртіндеп қалпына келтіріледі. Жоспар бойынша локдаун маусымда толық доғарылуы керек. Дегенмен, үкімет тұрғындарға ковидке қатысты тестілеуден жиі өтіп тұруға кеңес беретінін мәлімдеді.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу