Өткен тәулікте елімізде коронавирус пен пневмониядан 8 адам көз жұмды
Атырауда соңғы тоғыз күнде шет елден ұшып келген 523 адамның 64-і ПТР тесті болмағандықтан, карантиндік стационарларға жатқызылды. Олардан тиісті сынама алынып, қауіпті инфекция анықталмаған азаматтар үйіне жіберіліп жатыр. Бірақ әуежайдағы бақылау шаралары күшейтілген. Себебі елдегі эпидаухал толық тұрақталған жоқ.
Өткен тәулікте елімізде 115 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Бірақ тағы 115 адамның вирус жұқтырғаны анықталды. Осылайша коронавируспен ауырғандар саны 109 623 болды.
Ал COVID-19 белгісі бар пневмониямен 15 адам ауырып, 5 науқас қайтыс болды. 1 тамыздан бастап пневмония жұқтырған науқастардың жалпы саны 35 980-ге жетті.
Амангелді Сейітхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақ күйлері әлемдік музыкалық платформаларда жарияланды
12.06.2026, 10:30
Илон Маск әлемнің тұңғыш триллионері атануы мүмкін
12.06.2026, 10:27
Трамп Иранға соққы беруден бас тартқанын мәлімдеді
12.06.2026, 10:26
Қырғыз Парламентінің спикері Қазақстанға ресми сапармен келді
12.06.2026, 10:26
Қазақстан мен ЕО арасындағы сауда көлемі артты
12.06.2026, 10:25
Жезқазғанда Ұлттық ғылым академиясының аналитикалық орталығы ашылды
12.06.2026, 10:24
Маңғыстауда үш ауысымды мектептер саны азайды
12.06.2026, 10:22
Соңғы 5 жылда балалардың кітап оқуға деген ықыласы азайған
12.06.2026, 10:21