Жаңаөзендегі «КЕЗБИ» мекемесі жұмысшыларының талаптары орындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңаөзендегі «КЕЗБИ» мекемесі жұмысшыларының талаптары орындалды

13.05.2022

Жаңаөзендегі «КЕЗБИ» мекемесінің жұмысшылары айға жуық 4 талап қойып, компания алдынан тарқамай тұр. Тіпті, бір тобы арызын айтып, астанаға да келді. Жалақыны өсірумен қатар 12 сағатқа сай төленуін және әлеуметтік мәселелерін шешуді сұрайды. Сондай-ақ сервистік компанияны «ӨзенМұнайГаз» акционерлік қоғамына қосуды қалап отыр. Бүгін «КЕЗБИ» серіктестігінің басшылары да елордаға келді.

Олар мұнайшылардың әрекетін ұқпай дал. Себебі, талаптары о баста орындалатынын ескертіп, тек 5-ші мамырға дейін күтулерін сұраған. Бірақ, жұмысшылар 19-шы сәуірде өре түрегеліп, наразылық танытты,-дейді. Сонымен бүгінде компания жұмысшыларына жалақы 12 сағатқа шақтап төленеді. Ал, жерасты ұңғыларын жөндеу мен күрделі жөндеу мамандарына қосымша еңбекақы 15 пайызға артқан. Қазір ең төмен жалақы 500 мың, ал жоғарғысы 1 млн теңгеге жуықтайды. Әлеуметтік көмек бойынша сауықтыру, балаларын лагерьге жіберу, басқа да жәрдемақылар бөлінеді. Тек «ӨзенМұнайГаздың» құрамына қосу талаптары орындалмаған. Өйткені, «КЕЗБИ» сервистік компания. Тендерге түсіп, жұмыс алады.

Ержан Кезбаев, «КЕЗБИ»ЖШС бас директорының міндетін атқарушы:
 Бүгінгі таңда біз 18 адамды жұмыстан шығардық. Біздің амалымыз жоқ. Себебі жаңа айтқандай ешкім гарантия бермейді. Ертең басқа адам шығады да маған тағы көтер деп жұмысымды тоқтатып тастайды.  

Хабарламаларға жазылу