«Өзенмұнайгаз» қызметкерлерді заңсыз жұмысқа алған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Өзенмұнайгаз» қызметкерлерді заңсыз жұмысқа алған

11.05.2023

Жаңаөзендегі арнайы комиссия «Өзенмұнайгаз» компаниясы кейбір қызметкерлерді жұмысқа заңсыз алғанын анықтады. Жұмысшылар өнеркәсіпте еңбек ету үшін жалған сертификат пен куәлікті өткізген болуы мүмкін. Қазір бұл іс қалалық прокуратураға жолданды. Сондай-ақ жұмыс тобы 238 штат қызметкерінің 50-ге жуығы мамандық бойынша істемейтінін де анықтаған. Мемлекеттік еңбек инспекторы компания мен мердігер ұйымдар арасында 130-дан астам еңбек заңнамасы бұзылғаны тіркелді. Қазір Жаңаөзендегі арнайы комиссиясының құрамы толығып жатыр. Жұмыс тобына өнеркәсіптегі қауіпсіздік, экология және СЭС саласы бойынша сарапшылар қосылды. Олар өздері маманданған бағытқа сай тексеріс жүргізеді. 

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу