Жаңаөзендегі жұмысшылардың жалақы мәселесі шешілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңаөзендегі жұмысшылардың жалақы мәселесі шешілді

28.07.2021

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласындағы жұмысшылардың талаптары орындалды. Мәселен, мұнай саласына сервистік қызмет көрсететін мекемеде қызметкерлердің еңбекақысы 30 пайызға көтерілді. Қалада жыл басынан бері 15 кәсіпорында жұмысшы мен жұмыс беруші арасында түсініспеушілік туындаған. Салдарынан бірнеше компанияда жұмыс тоқтады. Осыған байланысты аймақта арнайы комиссия құрылып, тараптармен келіссөз жүргізілді.

Оразымбек Сапақов, жұмысшы:
Басты талабымыз ақша мәселесін көтеру болды. Қазір талаптарымыз орындалды Аллаға шүкір. Барлығы жұмысқа шығып барлығы жақсы болды.

Шадрах Ермекбайұлы, МО «Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы:
Бүгін ең соңғы мекеменің бірі «Өзенэнергосервис» мекемесінде де дау-дамай шешілді. осы татуластыру комиссиясымен бірлесе отырып, барлық дау-дамайды шешуге болатынын бүгінгі таңда жұмысшылардың да, жұмыс берушінің де көздері толық жетті.

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу