Референдумға қатысты мәжіліс өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Референдумға қатысты мәжіліс өтті

13.05.2022

Президент жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссия саяси және құқықтық реформаларды жүзеге асыру үшін өтетін маусымның 5-індегі референдумға ел азаматтарын бір кісідей атсалысуға шақырды. Ғалымдар мен сарапшылар Ата заңдағы өзгерістер уақтылы жүргізіліп, барша Қазақстан азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын сақтауға ықпал етеді деген пікірде.

Есберген Алауханов, заң ғылымдарының докторы, профессор:
Қоғам өзгерген сайын заң өзгереді. Заң өзгерген сайын қоғам өзгереді. Біздің Ата заңымызда жазылған зайырлы-құқықтық мемлекет. Сондықтан біздің қоғамның мүшелерінің бәрі құқықтық сауаты, құқықтық мәдениеті өте жоғары болуы керек. 


Хабарламаларға жазылу