Сенат пен Мәжіліс депуттары да дауыс беріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат пен Мәжіліс депуттары да дауыс беріп жатыр

05.06.2022

Сенат пен мәжіліс депуттары да дауыс беріп жатыр. Атап өтерлігі, осы референдумда қос палаталы Парламенттің жұмысына қатысты бірнеше ұсыныстар қаралған. Сенат депутаты, «Ауыл» партиясының төрағасы Әли Бектаевтың айтуынша, ол өзгерістер елдің дамуы үшін маңызды.

Әли Бектаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, «Ауыл» ХДП төрағасы:

Бұл ең бірінші азаматтардың дауыс беру құқығын пайдалану ғой. Азаматтардың барлығы осы референдумға келіп дауыс береді ғой деп ойлаймын. Себебі менің айналамда жүрген, өзімнің туған туысқандарым, азаматтар бұл референдумға жай қарап отқан жоқ.

Нұрлан Бекназаров, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Белсенді азаматтарымыз. Өйткені, осы ұсыныстардың барлығы елге, халқымызға керекті. Ашық, адал қоғам құрып оның белсенділігін аттыру халқымыздың әл-ауқаты, тұрмыс тіршілігін алдағы уақыттарда жаңағы сапалы өмір сүруін қамтамасыз етуге заңнамалық түрде бекітіп алу, маңызы да, міндеті деп сол деп есептеймін.


Хабарламаларға жазылу