Алматыда Бекет Махмұтовты еске алуға арналған дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия Кубогы басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Бекет Махмұтовты еске алуға арналған дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия Кубогы басталады

12.05.2022

Ертең Алматыда Бекет Махмұтовты еске алуға арналған дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия Кубогы басталады. Үш күнге созылатын сайыс Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді. Халықаралық жарысқа Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Қырғызстан және АҚШ құрамаларының 500-ден астам балуандары қатысады. Татамидегі белдесулерді «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Жарысты qazsporttv.kz сайтынан да көре аласыздар. 


Хабарламаларға жазылу