Абылай ханның замандасы, атақты би, ділмәр шешеннен қалған көне жәдігер үш ғасыр бойына ұрпақтарының қолында сақталыпты. Қорамсақ шебер қолдан шыққаны көрініп тұр. Қалың былғарыдан тігілген. Бетіне ою-өрнек бедерленген. Ал түбіне жебе ұштары теспес үшін ағаш салған. Өкінішке орай қорамсақты белде ұстап тұратын кісе қолды болған. Содан бері ұрпақтары құнды жәдігерді елдің назарына көп көрсете бермейді екен.
Руслан Нұрланұлы