Алматыда оқ-дәрі салынған рюкзак табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда оқ-дәрі салынған рюкзак табылды

15.02.2022

Алматының Алмалы ауданында орналасқан сауда орнында оқ-дәрілер салынған рюкзак табылды. Полицейлер винтовкалар мен тегіс ұңғылы қаруларға арналған әртүрлі калибрлі ондаған патронды тәркіледі. Сөмкені құрылысшылар баспалдақ астынан тауып алған. Жөндеу кезінде ғимараттың артқы есігі ашық тұрған. Көшеде кетіп бара жатқан бейтаныс біреулер тастап кетуі де мүмкін. Немесе нысанның жоғары қабатында орналасқан хостел қонақтарының бірі рюкзакты арнайы жасырған.

Сондай-ақ тапа тал түсте Әйтеке би мен Қожамқұлов көшелерінің қиылысынан шолақ мылтық табылды. Қару жасырынған пакетті қоқыс шығарып жатқан көше тазалаушысы байқап қалған. Дереу полиция шақырған. Тәртіп сақшылары деректі растады. Баллистикалық сараптама тағайындалды. Мылтықтың кімге тиесілі екені және не себепті қоқысқа тасталғаны анықталады.

Хабарламаларға жазылу