Жыл сайын 200 мың азамат әскерге шақырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жыл сайын 200 мың азамат әскерге шақырылады

08.05.2022

Жаһанда шиеленіс көбейіп, геосаяси, геостратегиялық ахуал ушығып тұрғанда еліміздің қорғанысын күшейту қаншалықты маңызды екенін бұған дейінгі эфирімізде де айттық. Армияны әлемдік стандартқа сай жабдықтап, Қарулы күштердің жауынгерлік қабілетін арттырған жөн. Биыл Қарулы күштер үшін бөлінетін қаржы ұлғайтылғанын да айтқан едік. Елімізде жоғары мобильді және гибридті соғыстар жүргізуге қабілетті арнайы операциялық жасақтар құрылды. Жаңа техника, қару-жарақ сатып алынып жатыр. Амангелді Сейітханның репортажы. 

Еліміздіңқарулы күштері құрлық әскерлері, әуе қорғанысы және әскери теңіз күштері сынды үш құрылымнан тұрады. Солардың басым бөлігін құрлық әскері құрайды. Елді қорғауға тиіс сарбаздарымыздың дені Қонаевтағы десантшылар бригадасында жаттығады.

Айдос Исаев, 35-гвардиялық десанттық шабуылдау гвардиясы командирінің орынбасары:
Оқуларды біз қазіргі мынау заманауи болып жатқан оқиғаларға көп байланыстырамыз. Көрші мемлекеттерде әрқандай қақтығыстар болып жатыр. Біз сол қақтығыстарды оқимыз, қадағалаймыз.

Бригаданың 80 пайызға жуығы жас сарбаздар.Ал,оларды күн сайын өзгеріп жатқан әскери өнерге дайындау оңай емес.

Нұрлыбек Әбдірайымов, 35-гвардиялық десанттық шабуылдау гвардиясының подполковнигі:
Бізде қазір жастарымыз білесіздер ғой әлсіз боп келеді. Қазір көңіл бөлмейді өздерінің дене бітімдеріне. Әскерде біз қиналамыз олармен. Өзіңіз ойласаңызшы 11 жыл мектепте оқыды, дайындалмаған жас сарбаз 1 жылда осы жерде дайындаймыз оларды.

Иә, қазір әскерге барғысы келетіндер аз. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше 30 мың адам қашып жүр. Жыл сайын 200 мың азамат әскерге шақырылса, төрттен бірі ғана сарбаз атанады.

Нұрлыбек Әбдірайымов, 35-гвардиялық десанттық шабуылдау гвардиясының подполковнигі:
Біздің сарбаздар келген уақытта біздіңәскери бөлімге моральдық психология жағынан өте мықты болу керек. Сол тұрғыда біз үйретеміз. Біріншіден физикалық жағынан.

Сарбаздардың денсаулығы үшін дұрыс тамақтану маңызды. Сондықтан, ас дайындауға кемі 5 жыл тәжірибесі бар аспаздар шақырылады.

Жанар Рахманқызы, асхана меңгерушісі:
Сарбаздардыңқандай тамақ ішетіні апта сайын медициналық комиссия және командирлермен бекітіледі. Біз тағам құрамында гемотоген көп болуына мән береміз. Өйткені сарбаздың гемоглабины жоғары болу керек.

Осы базада шынығатын жауынгерлер тек елді күзетпей, түрлі бітімгерлік миссияларына да қатысып жүр. Ол әрине тәжірибе әрі әскердіңәлеуетін көрсететін сынақ.

Алмат Кенжеев, ҚР Бітімгершілік полкінің барлау қызметінің бастығы:
Қазақстан бітімшгершілер полкінің осы уақытқа дейін атқарған еңбегі өте зор. Атап айтсақ 2000 жылдан бастап ирак Ислам елінде, Ливанда және батыс сахара елдерінде бітімгершілік миссия өте жоғарғы деңгейде өткізілдді. Алда Ливанға 7 рота жіберілуде. Және алдағы уақытта орталық африкаға жөнелтіледі.

Біздің шекарамыз ұзын. Сондықтан, әуе қорғаныс күштерінің де мығым болғаны маңызды. Сол үшін соңғы жылдары әлемдегі ең мықты көпфункционалды Су-30 СМ, СИ-295 әуе кемелері алынып жатыр. Сондай-ақ СУ-30, Су-35 жауынгерлік және СУ-27, СУ-25 шабуылдаушы ұшақтары мен МИ-171, МИ-35 сында тікұшақтар бар.

Алекс Жұмағұлов, ұшқыш:
Жұмыс істейтін тікұшағым ЮЕЙЧ-1 Америкалықұшақ. Осы верталеттың ерекшелігі өте маневрлы. Кішкентай жерге қона береді. Расходы аз. Осы верталет өзі тек қана жақсы жағынан көрсеткен. Көп соғыстарға қатысқан. Біз үшін Қазақстанда осы тікұшақ бар болғаны өте жақсы.Осы верталетпен жақындағы «Батыл тойтарыс 2022» деген учениеге қатысқам. Сол жерде де өзі тек қана жақсы жағынан көрсеткен осы тікұшақ.

Былтырғы есеп бойынша елімізде 1200 танк пен бронды техника, 1500 артиллериялық жүйе және 370 әскери ұшақ бар. Қазір әуе арқылы шабуылдау тәсілі жиі өзгеруде. Сондықтан, жаңа зенитті-зымыранды «Бук-М2» кешені алынып, беларусиялық «Роса» радиолокациялыққұрылғылары жеткізілуде. Келешекте «Тор» зениттік кешенін және А-400 Эйрбас алып ұшақтарын алу жоспарлануда.

Айдос Исаев, 35-гвардиялық десанттық шабуылдау гвардиясының жауынгерлік дайындық жөніндегі орынбасары:
Мен мысалы лейтенант болып келе салған кездегі өзіміздіңқарулы күштерді қазіргі уақытпен салыстырсам өте жер мен көктей деп айтуға болады. Дайындық жағынан да, офицерлер мен сержанттардың білімі жағынан да.

Бүгінде армияны кәсіби кадрлармен жасақтау мәселесі де өзекті. Осы мақсатта 20 жыл бұрын Алматыда радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік нституты ашылған.

Нұргүл Исмагулова, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік нституты ғылыми зерттеу бөлімінің бастығы:
Әскери инженерлік мамандар өзге мемлекеттер де әсіресе Ресейде дайындалатын. Қарулы күштер үшін әскери мамандарды дайындайтын мұндай оқу орны Орталық Азияда жоқ.

Институт 7 мамандық бойынша курсанттарды оқытады. Мұндағы жастар қосымша ғылыммен де айналысып, әскери құралдар жасап шығаруда.

Жоба авторларының сөзінше, құралдыңқұны Ресейлік және Түркиялық аналогтарынан 3-4 есе арзан. Бірақ, сапасы кем емес. Аппарат алыстағы дрондардың микрожелілерін қашықтан күйдіріп тастайды. Мұны ойлап табуға әлемдегі соңғы оқиғалар себеп болған.

Уәлихан Сәбит, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанты:
2021 жылдың басында Карабахта Арменияныңәскерлері именно дрондарға қарсы аппараты болмаған. Әзербайжан дрондары ұшып келіп, Арменияның позицияны көріп шыққан былай. Осы причинадан осы аппаратты ойлап шығардым. Бұл проект бүкіл тесттардан өтіп әскеріміздіңқатарына қабылданып жатыр.

Аппараттың салмағы қуаттағыш құралымен бірге 10 келідей. Иыққа асып жүруге ыңғайлы. Қазір тиімділігін арттыру үшін қосымша радиопеленгатор жасалып жатыр. Ол жоба жүзеге асса құралдың барлау мүмкіндігі қазіргіден екі есе артады. Ал, осы құралдыңөзі бірнеше сынақтан сәтті өтіп, өндіріске рұқсат алған.

Құрылғанына 30 жыл толған қазақәскерінің бүгінгі бейнесі қысқаша айтқанда осындай. Ал, The Military Balance халықаралық зерттеу институтының мәліметінше, біздіңәскер 166 мемлекет ішінде 70-ші орында. Еліміздің тұрақты әскер саны - 40 мыңдай. Ал, Қарулы күштерге жатпайтын әскерилендірілген құрылымдарда 31 жарым мың адам жұмыс істейді. Осылайша, жалпы әскери қызметкерлер саны 70 мыңнан асады. Ал, өткен жылы қорғаныс саласына бюджеттен 700 млрд астам теңге бөлінген. Биыл 2 трлн теңгеден асыру жоспарланып отыр. Себебі, әскердіңәлеуетін көтеру қаншалықты маңызды екенін қазіргі әлемдік ахуал көрсетіп отыр.

Амангелді Сейтхан


Хабарламаларға жазылу