Көктемгі әскерге шақыру науқаны басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көктемгі әскерге шақыру науқаны басталды

28.03.2019

Көктемгі әскерге шақыру науқаны басталды. Биыл әскер қатарына 35 мың сарбаз алынады. Оның жартысы алдағы айда шақырылады. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің өкілдері хабарлады.

Атап айтқанда, биыл шекара қызметіне шекара қызметіне 7,5 мың адам, Қарулы Күштер қатарына 13 мыңға тарта адам, Ұлттық ұланға 13 мың сарбаз қабылданады. Қорғаныс министрлігі шақырылатын жігіттердің денсаулығына биыл баса назар аудармақ.

Себебі, тек өткен жылы денсаулығына байланысты 100-ге тарта сарбаз әскерден үйіне қайтарылған. Тек Ұлттық ұлан сапынан ашық құрт ауруына шалдыққан 5 сарбаз тіркелген. Айта кету керек, қазір әскерде борышын өтеу бір жыл. Онда жігіттер әскери мамандық алып шығады. Ал, әскерге шақыруға келмегендер мен қасақана жалтарғандарға жаза бар. 

Ардақ Куқатов, ҚР Қарулы Күштері бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы:

Біріншіден, келмегені үшін әскери есепті  бұзғаны үшін 5 АЕК айыппұл салынады. 1000 АЕК-ке дейін бүгінге дейін екі облыста салынды. Павлодар облысында және Қостанай облысында.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу