Доп додасы: Финалға шыққан командалар белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Доп додасы: Финалға шыққан командалар белгілі болды

06.05.2022

«Qazaqstan»ж әне «Qazsport» арнасындағы футбол мерекесі бүгін түнде де жалғасты. Еуропа мен Конференция Лигасындағы жартылай финалдың қарымта ойындары өтті. Клубтық бәсекедегі белді сайыстың ойындары тартысқа толы болды. Германияда Айнтрахт командасы лондондық Вестхэмды қабылдаған еді. Бірінші таймның 26-шы минутында матчтағы жалғыз гол соғылып, неміс командасы 1:0 есебімен жеңіске жетті. Олар қос ойыннның нәтижесі бойынша да басым түсіп, финалға жолдама алды. Енді олар ақтық сында шотландиялық Рейнджерс командасымен кубок үшін таласады. Глазголық команда жартылай финалдың қос ойын нәтижесі бойынша 3:2 есебімен Лейпциг құрамасынан басым түсті. Еуропа лигасының финалы 18-мамыр күні Севилья қаласында өтеді. Ал биыл алғаш рет ұйымдастырылған Конференция лигасының финалында Рома мен Фейенорд командалары ойнайды. Италиялықтар Лестерден айласын асыра білсе, голландиялық клуб азулы деген Марсель ұжымын ұтты. Бұл турнирдің басты ойыны 25 мамырға жоспарланған. Барлық матчты әдеттегідей «Qazaqstan»ж әне «Qazsport» арналары тікелей эфирде көрсетеді.  

Хабарламаларға жазылу