Жарамсыз дипломмен 400-ге жуық жас маман жұмыссыз жүр
Қызылордада «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институтын бітірген 400-ге жуық жас маманның дипломы жарамсыз болып қалған. Өткен жылы оқу орны Білім және Ғылым министрлігінің шешімімен жабылып қалған. Ал, түлектер бір жылдан бері институт табалдырығын тоздырып, құжатын заңдастыра алмай жүр. Оқу орны министрлік тарапынан берілетін сериялық таңба болмаса да жас мамандарға дипломды табыстап жіберген.
Гүлзат Байділдаева, «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институтының түлегі:
Бітірген мамандығымыздың сериясы жоқ. Ешқандай жұмысқа жарамсыз деді.
Аида Асқар, «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институтының түлегі:
Ауылдан келе-келе шаршадым шынымды айтсам. Мен өзімнің қалтамнан төлесем екен осы ақшаны. Өзімнің әке-шешемнің қалтасынан болғаннан кейін үмітін ақтасам екен деймін жұмыс істеп.
Ал Білім және ғылым министрлігі институтты талапқа сай болмағандықтан, аккредитациясынан айырған. Бірақ, оқу орнының басшылығы жас мамандардың дипломы минисрліктің шешіміне дейін беріліп қойды деп отыр. Қазір даулы мәселе бас прокуратурада қаралып жатыр.
Ерлан Шымбергенов, «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институтының ректоры:
Жанағы 400 бітіруші түлегіміз бар ғой, сол түлектерге қорытынды аттестациялау комиссиясы өтеді. Оған мемлекеттік аттестацияның комиссия төрағасы келіп, қатысып өзінің хаттама шығарылып, сол хаттаманың негізінде диплом беріледі. Мұның барлығы 31 мамырға дейін акредитация мерзімі ішінде жүргізіліп тұр.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 17:25
Ақмола облысының жастары саятшылыққа әуес
21.10.2026, 17:20
60 велошабандоз көк байрақпен Алматыны шарлады
21.10.2026, 17:19
«Атамекен» әнін 460 оқушы бірге шырқады
21.10.2026, 17:18
Республика күніне орай сауда орталықтары акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 17:17
Жамбылдық зейнеткер құс өсіріп, табыс тауып отыр
21.10.2026, 17:15
Елордалық цирк маңайы абаттандырылды
21.10.2026, 17:13
Петропавлда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 100 көшет егілді
21.10.2026, 17:12