Балаларды спорт және шығармашылық үйірмелерімен қамтуға қомақты қаражат бөлінген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балаларды спорт және шығармашылық үйірмелерімен қамтуға қомақты қаражат бөлінген

04.05.2022

Балаларға бөлінген қаржы талан-таражға түспесін. Мәжілісте осы мәселеге қатысты вице-премьер Ералы Тоғжановқа екі сауал жолданды. Былтырдан бері жеткіншектерді бұқаралық спорт және шығармашылық үйірмелерімен қамтылып жатыр. Бірақ, оқушыларды жәй ғана тіркеп қойып, мемлекеттік тапсырыс жөн-жосықсыз игерілуде. Тіпті, заңды тұлғалардың көпшілігі сол мемлекеттік тапсырысты орналастырушы орган қызметкерлерінің туысқандары екені айтылып жүр. Ал, бұл бағытқа 5,8 млрд теңге қарастырылған. Биыл 2 млн 500 мыңға жуық балаға қосымша білім берілуі керек. Ондай мүмкіндіктен ауыл балалары да қалыс қалмауы тиіс.

Аманжол Әлтай, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:
Еліміздің келешегі, ұлт болашағы болып табылатын балалардың несібесіне қол салуға жол бермеуіміз керек. Мемлекеттік тапсырысты алып отырған заңды тұлғаларға қойылатын талаптар күшейтілсін. Қосымша білім беруге орналастырылған мемлекеттік білім беру тапсырысын бақылау, мониторинг жүргізу тетіктері бекітілсін.

Ал, Динара Зәкиева балалар жылында қордаланған проблемаларды шешу жоспарланбағанын айтты. Керісінше акциялар мен жиындар өткізу көзделген. 70 пайыз шара – шығармашылық байқаулар, слеттер ұйымдастыру және мектеп ашу сияқты көзбояушылыққа арналып отыр. Оның орнына оқушыларды тегін ыстық тамақпен, жазғы лагерьмен қамтыса, я болмаса "ауылдарда оқушылар сарайы мен спорт нысандарын салу керек. Жалпы осы мақсатқа 100 миллиардтан аса теңге қаралған. Бірақ, "бәрі құрғақ есеп" үшін дейді депутат.

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу