Балаларды тегін үйірмелермен қамтуға қаражат жетпейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балаларды тегін үйірмелермен қамтуға қаражат жетпейді

23.05.2022

«Арт-спортта» ақша жоқ. Балаларды тегін үйірмелермен қамтуға қаражат жетпейді. Бүгін елордада «Арт-спорт» бағдарламасы өкілдері осындай мәселе көтерді. Олардың айтуынша балаларды спорт және шығармашылық тегін үйірмелермен қамтуға әкімдіктер құлықсыз. Бюджеттен бұқаралық спортқа мардымды қаржы бөлінбеген. Ал бағдарлама аясында тегін үйірме ашып, балаларды баулып жүрген жаттықтырушылар, наурыз айынан бері айлық алмаған. Бағдарламаға бөлінген ақша мамыр айының аяғында бітеді. Ал ары қарайғы балалар спортының болашағы белгісіз дейді ассосация өкілдері.

Гүлжан Тусубиянова, «Artsportedu жеткізушілер ассоциациясы» төрағасының орынбасары:

Қазір қаржыландыру тоқтатылған. 1 наурыздан бастап Алматы облысы жазды тоқтатылды деп, одан кейін Шығыс Қазақстан, одан кейін қалған облыстардың барлықтары, өңірлер қосыла бастады тоқтатуды. Біздің бірінші мақсатымыз балалар далада қалып қалмасын, балалар біріншіден осы бағдарлама бойынша барлық секция кружоққа дұрыс қатысу.

Дархан Рахымжан

Хабарламаларға жазылу