Испанияның Валенсия қаласында бір айдың жаңбыры жауып, су тасқыны басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Испанияның Валенсия қаласында бір айдың жаңбыры жауып, су тасқыны басталды

04.05.2022

Испанияның Валенсия қаласында бір айдың жаңбыры жауып, су тасқыны басталды. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, соңғы 24 сағатта бір шаршы метр жерге 201 литр жауын түскен екен. Бұны жергілікті синоптиктер 1871 жылдан бергі рекорд деп атады.

Жерорта теңізі жағалауында орналасқан қалада талай көлік суға кетіп, метро станциялары жабылып жатыр. Ал, құтқару департаментінің мамандары тасқынның ортасында қалған көліктерден талай адады қауіпсіз жерге жеткізді. Испания метеорологиялық агенттігі жауын әлі тоқтамайтындықтан, Валенсияда қауіптің сары деңгейін жариялаған.

Арыстанбек Рысбек

Хабарламаларға жазылу