Мұсылман елдерінде Рамазан айы аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұсылман елдерінде Рамазан айы аяқталды

03.05.2022

Мұсылман елдерінде Рамазан айы аяқталып, Айт мерекесі тойланды. Иерусалимде, Палестина автономиясында, Ливанда, Мысырда, Түркияда, Ливияда және тағы басқа елдерде сан мың адам мешіттерге барып, Аллаға мінәжат етіп, бір-бірін Ид-әл-Фитр мейрамымен құттықтады.

Биылғы мереке былтырғыдан ерекше болды. Өйткені, әлемде пандемия мейлінше әлсіреп, әлеуметтік алшақтық ережелері жер-жерде күшін жойып, халық қоғамдық орындарға, мешіттерге көптеп жиналды.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу