«Qaisar» әскери-патриоттық байқауына 2 мыңға жуық оқушы қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Qaisar» әскери-патриоттық байқауына 2 мыңға жуық оқушы қатысты

03.05.2022

2 мыңға жуық оқушы «Qaisar» әскери-патриоттық байқауына қатысты. «AMANAT» жастар қанаты ұйымдастырған бұл ойында еліміздегі барлық мектептің жоғары сынып оқушылары бақтарын сынады. Жарыс арқылы жастар, нағыз әскери өмірдің қыр-сырына машықтанады. Жүгіру мен жүзуден сыналады. Байқау барысында оқушылар өздерінің физикалық дайындығын, ерік-жігері мен төзімділігін көрсете білді. Осылайша жарыс салауатты өмір салтын ұстануға ғана емес, Отан алдындағы жауапкершілікті сезінуге де баулиды, дейді ұйымдастырушылар. Байқау қарсаңында үздік деп танылған 102 финалист 4-5 мамыр күндері Нұр-Сұлтан қаласында өтетін ақтық кезеңге қатысады. 

Хабарламаларға жазылу