«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауына биыл үш мыңға жуық үміткер отбасы қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауына биыл үш мыңға жуық үміткер отбасы қатысты

06.09.2018

«Әке – асқар тау, ана – мөлдір бұлақ, бала – жағасындағы құрақ» деген отбасы институтын, отбасылық құндылықтарды насихаттау үшін ұйымдастырылған «Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауына биыл үш мыңға жуық үміткер отбасы қатысты. Бұл 2014 жылы өткен алғашқы сайыспен салыстырғанда 2,3 есеге көп. Ұйымдастырушылар бүгін аталған шараның жай-жапсарын баяндап берді. Олардың айтуынша, жеңімпазды анықтау оңайға соқпапты. Үміткерлер жан-жақты сараланған. Ақтық сынға шыққан 16 отбасы сенбі күні Қазақстан орталық концерт залында марапатталады. Бес жыл қатарынан өтіп келе жатқан додаға осы уақытқа дейін 12 мыңға жуық отбасы қатысқан. Оның жартысынан көбі ауылдық жерде тұратындар. 

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу