Украинадағы ахуал: Мәскеу елдің оңтүстігі мен шығысына үдете соққы беруде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинадағы ахуал: Мәскеу елдің оңтүстігі мен шығысына үдете соққы беруде

01.05.2022

Украинадағы ахуалға тоқталайық. Мәскеу Киевті ала алмағаннан кейін, елдің оңтүстігі мен шығысына үдете соққы беріп жатыр. Мыңдаған бейбіт тұрғынның өмірі қиылып, қалалар жермен-жексен болды. 5 миллионнан астам украиналық өзге елдерге бас сауғалауға мәжбүр. Батыс елдері Киевке қару-жарақ, тіпті оның ауыр түрлерін де жеткізуді күшейтті. Мәскеу бұған жауап беретінін ескертіп, сес көрсетті. Бұдан кейін де АҚШ Украинаға көмекке тағы миллиардтаған доллар бөлуге ниетті екенін жариялады. Тақырыпты Арай Төлегенқызы жалғастырады.

Украинадағы ахуалға тоқталайық. Мәскеу Киевті ала алмағаннан кейін, елдің оңтүстігі мен шығысына үдете соққы беріп жатыр. Әскери қақтығыс 9-аптаға ұласты. Мыңдаған бейбіт тұрғынның өмірі қиылып, қалалар жермен-жексен болды. 5 миллионнан астам украиналық өзге елдерге бас сауғалауға мәжбүр. Батыс елдері Киевке қару-жарақ, тіпті оның ауыр түрлерін де жеткізуді күшейтті. Мәскеу бұған жауап беретінін ескертіп, сес көрсетті. Бұдан кейін де АҚШ Украинаға көмекке тағы миллиардтаған доллар бөлуге ниетті екенін жариялады. Ал Президент Зеленский Ресей басып алған жерлер Украинаға толықтай қайтарылады деп мәлімдеді. Тақырыпты Арай Төлегенқызы жалғастырады.

Украинадағы шайқас 67-күнге ұласты. Ресей солтүстікте сәтсіздікке ұшырап, елдің шығысында әскери іс-қимылды одан әрі күшейтуге дайындалып жатыр.

Владимир Зеленский, Украина Президенті:

Басқыншылар еліміздің шығысында біздің әскерилерге қарсы жаңа шабуылдар жүргізбек. Харковь облысына қосымша күштерін әкеліп, Донбаста қысымды күшейтуге тырысып жатыр. Ресей мағынасыз соғыста 23 мың сарбазынан айырылды. Бірақ тоқтар емес.

Шетел барлаушыларының дерегінше, Ресей армиясы үлкен қарсылыққа тап болып, алға баяу жылжып жатыр. Дегенмен, Мәскеу «арнайы әскери операция» жоспарға сай жүріп жатыр деп мәлімдеді. Қара теңіздегі Одессаға Қырымнан зымырандар ұшырып, қала әуежайының 10 жыл бойы салынған жаңа ұшып-қону жолағын зақымдады. Ал Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Антониу Гуттериштің сапары кезінде Киевті қайта атқылады.Тұрғын үйге түскен снарядтан қаза тапқандар мен жараланғандар бар.

«Би-Би-Си»-дің хабарлауынша, Ресейдің бақылауына өткен Херсонда бүгіннен бастап рубль енгізілмек. Қаладағы үкіметтік ғимараттарға Ресей туы ілінген.

Осындай шақта Батыс елдері Украинаны қолдауды күшейтіп, ауыр қару-жарақ беруге келісті. Сонымен бірге АҚШ Киевке қосымша 33 млрд доллар бөлуге дайындалып жатыр.

Бұл тұста Владимир Путин Батысқа ескерту жасады. Украинадаға оқиғаларға араласқан елдерге шұғыл жауап беретінін айтты. Кейбір басылымдар Путин бұл мәлімдемесі арқылы ядролық қаруды меңзеп отыр деп хабарлады.

Владимир Путин, Ресей Президенті:

Ресейге стратегиялық қауіп төнсе, жауабымыз көп күттірмейді. Мұндай соққы беру үшін ешкімде жоқ құралдың бәрі бізде бар. Қажет болса, қолданамыз. Бұған қатысты шешім қабылдап қойғанбыз.

Соңғы күндері Ресейдің Украинамен шекаралас аудандарында жарылыстар жиіледі. Брянск қаласында мұнай базасы, Белгородта әскери қоймалар өртенді. Украина тарапы бұл шабуылдар үшін жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ. Алайда Мәскеу өз әрекеті үшін жоғарыдан жазасын алды деп мәлімдеді.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу