Қазір еліміздегі 53 кәсіпорында еңбек даулары тексеріліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазір еліміздегі 53 кәсіпорында еңбек даулары тексеріліп жатыр

29.04.2022

Қазір еліміздегі 53 кәсіпорында еңбек даулары тексеріліп жатыр. Олардың 99 пайызы - Маңғыстау облысына тиесілі. Өндірістердің басым бөлігінде қызметкерлердің талабы ескеріліп, тараптар келісімге келген. Қазір елде 500 дей кәсіпорын ситуациялық орталықтың бақылауына алынып, еңбек қатынастарының нормалары тексерілуде. Бас мемлекеттік еңбек инспекторы өндірістегі жазатайым оқиғалардың саны да өсіп жатқанын айтады. Енді адам өліміне себепкер болған жауапсыз жұмыс берушілер 7 жылға дейін сотталуы мүмкін. Еңбек кодексіне енген арнайы норма медициналық бөлімге түскен кез келген адамның қайда жұмыс істейтіні жайында ақпаратарды нақтылауға да көмектеседі.

Төлеген Оспанқұлов, ҚР Бас мемлекеттік еңбек инспекторы:

Мекемеде жұмыс істеп жүріп, сол мекемеде зардап шексе, ол жұмысшынынң ол адамның міндетті түрде қолында зардап шекті деген мекеменің қағазы болуы керек. Ол АКТ по форме Н1 дейміз. сол қааз егер қолында болатын болса, ол ісі міндетті түрде мекемеме бар болса да жоқ болса да өтемақы алуға құқылы.

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу