Нұр-Сұлтанда айына 5 млн маска өндіретін цех іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтанда айына 5 млн маска өндіретін цех іске қосылды

01.08.2020

Нұр-Сұлтанда айына 5 миллион маска тігуге қауқарлы өндіріс орны жұмысын бастады. Бұл цех толықтай автоматты құрылғылармен жабдықталған. Кәсіпорында 40-тан астам адам еңбек етеді. Олар қазір үш ауысым бойынша жұмыс істеп жатыр. Цех 20 шілдеде сынақтық режимде іске қосылған еді. Содан бері тігілген 5 мыңдай маска қаладағы ауруханаларға таратылды. Ал, алдағы уақытта сатылымға шығатын бетперделердің құны 60 теңгеден аспайды деп жоспарланып отыр. 

Аман Сейтхан 

Хабарламаларға жазылу