Атыраулық балықшылардың ауына түскен 200 келілік қорытпа балық Каспий теңізіне қайта жіберілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атыраулық балықшылардың ауына түскен 200 келілік қорытпа балық Каспий теңізіне қайта жіберілді

29.04.2022

Осыдан бір апта бұрын атыраулық балықшылардың ауына түскен 200 келілік қорытпа балық Каспий теңізіне қайта жіберілді. Мамандардың арнайы бақылауында болған аналық балықтан 35 келі уылдырық алынды. Бекіре тұқымдас балықтың бұл түрі соңғы жылдары мүлде жоғалып кеткен. Соңғы 3-4 жылдың айналасында қорытпа қайта ауға түсе бастады дейді мамандар. 

Хабарламаларға жазылу