Киіктердің саны жыл сайын 25% көбейеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Киіктердің саны жыл сайын 25% көбейеді

27.04.2022

Елімізде ақбөкендерге санақ жүргізу науқаны басталды. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау комитеті мен аңшылық шаруашылық комитетінің мамандары бірлесіп, киіктердің нақты санын шығаруға күш салуда. Түз тағыларын санау жұмыстарына әріптесім Сәбит Әлдебай да қатысып қайтты.

Дүние жүзі бойынша ақбөкендердің 90 пайызы елімізде мекен етеді. Былтырғы санақ нәтижесі көрсеткендей оллардың саны 842 мыңға жеткен.

Сәбит Әлдебай, тілші:
Ен даланың еркесі - ақбөкендерді санау әуеден жүргізіледі. Біз қазір бетбақдала популяциясындағы киіктердің қаншаға көбейгенін білу үшін санаққа қатысып көреміз.

Әр маусым сайын терісінің түсі өзгеріп тұратын киіктерді санау көктем айларында ғана жүргізіледі. Мамандар жазық далада жосылып жүрген түз тағыларын әуеден фотоға түсіріп, ғылыми сараптама жасайды. Бұл жұмыстар 5 мамырға дейін жалғасады. Оған аумақтық инспекторлардан бөлек, 50 ғылыми қызметкер жұмылдырылған.

Бақтияр Рамазанов «Охотзоопром» ҚК есепке алу және мониторинг бөлімінің басшысы:
Бүкіл қағаздар жиналады. Үш қауымдастық біреуі батыста біреуі маңғыстауда, біреуі мына орталықта, соның бәрі нәтижесі жиналғаннан кейін әдістемелік сараптамаға түсіріп, содан кейін барып нәтижесін береміз. Мамыр айының соңы мен маусым айының басында.

Қазір, киіктерді ату фактілері азайған. Броконерлерге салынатын айыппұл көлемі де екі есе өсті. Әрі мүйізін шетелге асырмас үшін барлық күш құрылымдары бірігіп жұмыс істеуде. Аумақтарды қадағалайтын инсекторлар да мұздай қаруланған. Мемлекеттің мұндай қамқорлығының арқасында үш аумақтық популяцияға бөлінген киіктердің саны жыл сайын 15 тен 25 пайызға дейін көбейеді.

Шындос Омаров «Охотзоопром» ҚК аумақтық инспекциясының басшысы:
Біз де оларды қуып жету үшін мысалы кезіндегі ескі уазиктерден құтылып, осындай тайота джиптерді ланкрузер көліктерін біздің мекеме алып, испекторлар міне бастады. сондықтан олермен күресу үшін біздің де жабдықтарымыз жақсарып жатыр.

Жануарларды дүниесін жауапты мекемелер ақбөкендерден бөлек қарақұйрық, тау арқарлары сынды сирек кездесетін жануарларға да санақ жүргізуде. Ол жұмыстар көбінесе жерден арнайы ұшу аппараттары арқылы жүргізіледі. Ал, киіктердің өмір сүру ортасы 123 миллион гектар аумақты алып жатқандықтан, арнайы тікұшақтар көмекке келеді.

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу