Мейірбек Молдабеков: Киіктер қырылып жатқан аймақтар зымыран құлайтын аудандардан алыс орналасқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мейірбек Молдабеков: Киіктер қырылып жатқан аймақтар зымыран құлайтын аудандардан алыс орналасқан

26.05.2015
Мейірбек Молдабеков: Киіктер қырылып жатқан аймақтар зымыран құлайтын аудандардан алыс орналасқан

Киіктердің қырылып жатқан аймақтары зымырандардың құлайтын аудандарынан тым алыс.

Парламент Сенатының комитет отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасының міндетін атқарушы Мейірбек Молдабеков осылай деді.

Оның айтуынша, мұны ғылыми түрде дәлелдеу керек, тексеру қажет. Ең бастысы, бұл - гептил емес. Дегенмен, мамандар зерттеу жүргізу керек деп есептейді.

25  мамырдағы деректерге сәйкес, Қостанай облысында өлген киіктер саны 81 мыңға жетті, ал, Ақмола өңірінде 4 мыңнан асып отыр.

 

Индира БЕГАЙДАР

 

 

 

Хабарламаларға жазылу