Елімізде сәуір айында азық-түлік бағасы тағы өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде сәуір айында азық-түлік бағасы тағы өсті

27.04.2022

Көтерме сауда орталықтары көбейсе азық-түлік бағасы да көтерілмейді. Мемлекеттік органдардың ұдайы алға тартатын жауабы осы. Алайда, депутаттар сол орталықтардың тауар сақтау мүмкіндігіне сыни қарап отыр. Сондай-ақ оның қарапайым шаруаларға да ашықтығы өз алдына мәселе. Егер осы түйткілдер шешілмесе қымбатшылықтан көз ашпаймыз, дейді. Биыл сәуірде әлеуметтік маңыздағы азық-түлік бағасы тағы өсті. Сәбіз 31, картоп 33, ал пияз бағасы 58 пайызға артқан. Ал, елде 24 көтерме сауда орталығын салу жоспарланған болатын. Қазір, елордадан бөлек, Шымкент қаласында және Алматы, Жамбыл мен Павлодар облыстарында бар. Алайда, баға аспандап әлі тұр. Сұрақ көп, мардымды жауап жоқ.

Бекқали Торғаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Күзгі-көктем кезеңдерінде фермерлер ауыл шаруашылығы өнімдерін көтерме сақтау орталықтарында сақтай алады ма? Қарапайым шаруа иесі сақтау орталықтарына қол жеткізе алмаса, күзгі-көктем кезеңдерінде ауыл шаруашылығы тауарларының бағасы қалай болмақ? Осы жылға жоспарланған көтерме сақтау орталықтарының құрылысы қашан қолданысқа беріледі?


Хабарламаларға жазылу