Италияда қоғамдық мекемелерде кондиционер қосуға тиым салынбақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Италияда қоғамдық мекемелерде кондиционер қосуға тиым салынбақ

27.04.2022

Италияда оқушылар, мемлекеттік қызметкерлер мен шенеуніктерге қоғамдық мекемелерде кондиционер қосуға тиым салынбақ. Жазда ғимараттың іші 27 градустан ыстық болғанда ғана қоса алады. Қыста +19-дан артық жылытуға болмайды. Парламент бекіткен ереже 1 мамырда күшіне еніп, 2023 жылдың наурызына дейін жалғасады. Ережеге бағынбағандар 500 еуродан 3 мың еуроға дейін айыппұл арқалайды. Мақсат – халықты тоқты үнемдеуге үйретіп, Ресей газына тәуелділіктен арылу. Қазір Италия көгілдір отынның 40 пайызын Ресейден импорттайды. Осы шараның арқасында ел үкіметі бір жылда 4 млрд текше метр газ үнемдеуден үмітті.

Марио Драги, Италияның премьер-министрі:

Егер Еуропалық Одақ Ресей газына эмбарго жариялайтын болса, біз оны қуана қолдаймыз. Біз үшін бейбітшіліктің болғаны маңызды ма, әлде кондиционердің қосылып тұрғаны маңызды ма? Қазіргідей дағдарыс кезінде бәріміз тоқты үнемдеуді үйренуіміз керек.

Нұрсұлу Қасым


Хабарламаларға жазылу