Алматыда қонақүй өртеніп, 57 адам құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда қонақүй өртеніп, 57 адам құтқарылды

20.05.2022

Алматыда қонақүй өртеніп, 57 адам құтқарылды. Кеше кешкісін Қожамқұлов пен Қарасай батыр көшелерінің қиылысындағы «Плаза Отель Алматы» ғимаратынан өрт шыққан. Алты қабатты ғимараттағы өрттің саунадан басталғаны анықталды. Абырой болғанда адам шығыны жоқ. Әйтсе де бөлмеде қамалған азаматтардың өміріне қауіп төнді. Олар терезелерді сындыруға мәжбүр болған. Оқиға орнында 42 өрт сөндіруші мен 14 техника жұмыс істеді. Құрылған жедел штабтың шұғыл әрекетінің арқасында өрт бас аяғы бір сағаттың ішінде өшірілді.   

Хабарламаларға жазылу