Түркістандық жігіт мемлекеттік туды өрттен алып шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістандық жігіт мемлекеттік туды өрттен алып шықты

19.07.2022

Өртеніп жатқан ғимараттың шатырынан көк туды көтеріп алған азамат Сайрам ауданындағы жұмыспен қамту орталығының қызметкері болып шықты. Әлеуметтік желіде тараған мына видеода оның көзсіз ерлікке барғанын көруге болады. Өрт тез арада ауыздықталды. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеген.

«Мемлекеттік ту өртеніп жатқанда қарап тұра алмадым» - деген Қансейіт Мұхаммед «1001 түн» бағдарламасына арнайы сұхбат берді. 

Қансейіт Мұхаммед, Түркістан облысының тұрғыны:

Қауіп қатер төнді, бірақ ондай кезде ойланып тұратындай мақсат болмайды. Тек қана көк тудың асынан өрт шығып жатқанын қарап тұра алмайсың, бір минутта ойланбайсың, аяқтан ыстық ұрды, бірінші көк туды аман алып қалу болды, ешқандай жарақат болған жоқ құдайға шүкір, 

Хабарламаларға жазылу