Премьер-Министр мен Сенат, Мәжіліс спикерлері сенбілікке қатысты сенбілкке қатысып, «Мәңгілік ел» салтанат қақпасының жанына көшеттер отырғызды.
Шара барысында Әлихан Смайылов экологиялық проблемаларды шешу күн тәртібіндегі негізгі мәселенің бірі екенін атап өтті. Сенат депутаттары да экологиялық шарадан шет қалмады. Әзірет Сұлтан мешітінің жанында жүзден астам қайың, балқарағай ағаштарын отырғызды.
Бұған дейін мемлекет басшысы Қазақстан бойынша 2 миллиард түп көшет отырғызу туралы бастама көтерген еді.
Қала азаматтарымен бірге Мәжіліс төрағасы бастаған төменгі палата депутаттары да игі іске өз үлестерін қосты.