«Таңшолпан». Ұлттық мәдениетімізде ізін қалдырған дара тұлғалар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Ұлттық мәдениетімізде ізін қалдырған дара тұлғалар

22.01.2018

Кәкімбек Салықов - Біржан сал мен Ақан сері, Ыбырайдың жолын жалғаған бірегей дарын иесі. Ол талантымен күллі қазақты тәнті еткен тұлға.

Қаламгердің жыр-жинақтары бірқатар әлем тіліне аударылып, жарияланған. Одан бөлек, Кәкімбек Салықовтың есімі қазақ ән өнерінің классиктері Нұрғиса Тілендиев, Әсет Бейсеуов, Ескендір Хасанғалиев секілді композиторлармен тығыз байланысты. Өйткені оның сөздеріне жазылған көптеген әндер халық әндеріне айналып кеткен.

Бірегей талант өнерден өткенше өнері мен өлеңін халқына аманат етуді өзіне парыз санады. Бүгінде ақынның туындалары халықтың мұрасына айналып үлгерді.

Қазақ халқының бағына біткен шын таланттардың қатарында шығыс жекпе-жектерінің шебері, суретші Бексейіт Төлкеев те бар. Оның 89 тарихи тұлғаның басын қосып салған әйгілі «Ұлы көш» картинасы Алматыдағы Президент резиденциясында сақтаулы тұр.

Мұстафа Өзтүріктен тәлім алған дарын иесі шығыс жекпе-жек өнерін бірден игеріп алды. Алайда спорт шыңына шықса да жаны өнер мен суретті таңдады. Жекпе-жек өнерінде де талассыз тұлға екенін дәлелдеп кетті. Бүгінде оның ізбасарлары әлемдік аренада атой салып жүр.

Хабарламаларға жазылу