Халық әртісі Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойы туған жерінде жалғасын тапты
КСРО және Қазақстанның Халық әртісі Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойы туған жерінде жалғасын тапты. Ән падишасы атанған өнер иесінің есімі ұлықталып, Қызылорда қаласының төрінен еңселі ескерткіші ашылды.
Орталық алаңда орнатылған ескерткіштің биіктігі 5 метр. Мүсін қоладан құйылған. Қазақтың бұлбұл әншісінің сахнада тұрған сәті бейнеленген. Тарихи сәтке көппен бірге Роза Тәжібайқызының ұлы мен келіні де куә болып, халықтың ыстық ықыласына бөленді. Сырдың талантты тумасының мерейтойы «Ақмаңдайлым» атты республикалық ән байқауына ұласты.
Марал Бағланова, Р.Бағланованың келіні:
Тебіреніп тұрмын. Көптен күткен күніміз. Мен ойлаймын бұл ерекше өйткені апамның туған жері, кіндік қаны тамған жері. Халқына рақмет. Өйткені, қазақ бар жерде Роза Бағаланова мәңгі болады деп ойлаймын.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 17:25
Ақмола облысының жастары саятшылыққа әуес
21.10.2026, 17:20
60 велошабандоз көк байрақпен Алматыны шарлады
21.10.2026, 17:19
«Атамекен» әнін 460 оқушы бірге шырқады
21.10.2026, 17:18
Республика күніне орай сауда орталықтары акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 17:17
Жамбылдық зейнеткер құс өсіріп, табыс тауып отыр
21.10.2026, 17:15
Елордалық цирк маңайы абаттандырылды
21.10.2026, 17:13
Петропавлда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 100 көшет егілді
21.10.2026, 17:12