Талғарда зауыт маңында мал жемтігі шашылып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талғарда зауыт маңында мал жемтігі шашылып жатыр

22.04.2022

Алматы облысының Талғар ауданында мал жемтігі тау болып үйіліп жатыр. Дәулет ауылында орналасқан балық сүйегі ұнын өндіретін зауыт аумағында ірі қара малдың қаңқасы мен терісі бейберекет шашылып жатқан видеоны жергілікті белсенділер түсіріп, әлеуметтік желілерге жүктеген. Кәсіпорын қоршаған ортаға зиян келтіруде деп дабыл қаққан халық зауыттың жұмысын тексеруді талап етуде. Талғар ауданының әкімдігі бұл жәйтті өз қадағалауына алды. Сондай-ақ, экологтар да тиісті сараптама жасап, бір аптаның ішінде қортындысын айтпақ. Ал зауытқа айыппұл салынады.

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу