Алматы әкімі Қаскелең мен Талғарға электр пойызын шығаруды жоспарлап отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы әкімі Қаскелең мен Талғарға электр пойызын шығаруды жоспарлап отыр

03.11.2019

Алматы әкімі Қаскелең мен Талғарға «электричка» дейміз ғой, сондай пойыздар шығару жоспарын айтып отыр. Президентке: «Жоба бойынша Қазақстан темір жолымен сөйлестік, енді үкімет пен «Самұрық-Қазына» қорына жоспарды бізбен бірге пісіп-жетілдіруді тапсырсаңыз»,- деді.

Иә, Алматы маңында, тіпті қала іспетті Қаскелең мен Талғарда тұратындар Алматыға келіп жұмыс істейді. Қарапайым айтқанда нанын тауып отырған жері. Олардың күнде қанша сағат өмірін кептелісте өткізетінін, сәйкесінше қанша тірлігі істелмей қалатынын, бәрінен бұрын - қалпына келмейтін жүйке талшықтарын ойлаудың өзі... Электр пойыз қатынасын орнату идеясына елең еткеніміз содан.

Әрине, Астанадағы ел айтқандай жемқорлыққа орнатылған ескерткіштей болып тұрған жеңіл рельсті пойызжолдың бағандары елестейді. Бірақ Алматыға жете алмай, Алматыдан қайта алмай тұрғандардың расында үлкен «армия» екенін ескерсек, идеяның өзі сауал туғызбайды.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу