Осы «Жедел желі» бағдарламасында министр мұғалімдерге артық құжат толтыруға мәжбүрлейтіндер жауапкершілікке тартылатынын айтты. Қазір білім ошақтарында ұстаз небәрі 2 құжат толтырады. Олар: электронды жүйеде оқушыға баға қою және күнделікті сабақ жоспарын әзірлеу. Ал, электронды күнделікті қосымша қағаз бетіне басып шығару – заң бұзушылық, деді министр. Соңғы жылдары мұғалімдерді қағазбастылықтан арылту бойынша нақты шаралар жүзеге асырылды. 100-ге жуық құжат қысқартылды. Қажет емес қағаздарды толтыруға 700-ден астам тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар, мұғалімдерді мерзімді басылымдарға жазылуға, көше тазалауға міндеттегендер де жазаға тартылады.
Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:
Әр мектепте педагогикалық этика бойынша кеңестерді құрдық. Бұл - бір. Егер ол педэтика кеңесіне барғысы келмесе, облыстарда Бақылау департаменттері бар, соларға телефон соғып немесе ватсапқа ақпарат беруге болады. Барлық осындай шағымдар бойынша біз міндетті түрде жауапкершілікке тартамыз.